21.10.2017, 15:19
Қараулар: 347
Қамқорлық шаралары жүргізілуде

Қамқорлық шаралары жүргізілуде

Қайырымдылық айлығы барысында қарияларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды құрметтеу шараларын ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қалыптасқан жұмысы. Мұндай шаралар биыл да жалғасын табуда.

24 қазан күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров, аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы Ғ.Нұрсұлтанова кесте бойынша жасы тоқсаннан асқан зағип қария З.Ғұмаров пен мүмкіндігі шектеулі М.Расқалиевтің отбасына арнайы барып, тұрмыстық жағдайларын біліп, айлыққа орай сый-сияпат көрсетті.

Мұндай іс-шара жалғаса береді.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар