28.10.2017, 15:28
Қараулар: 364
Спортшылар мерейін асқақтатқан жиын

Спортшылар мерейін асқақтатқан жиын

Жуырда  аудан   әкімі  Наурызбай  Қарағойшин  аудан намысын қорғап жүрген бір топ спортшыларды қабылдады.  Жиынды ашып сөз алған аудан әкімі  Н.Қадырбайұлы  спорт пен мәдениеттің  ел атағын шығаруда алатын рөлі зор екендігін тілге тиек ете отырып, ауданның  мерейін асқақтатқан  спортшыларға  алғыс білдірді. Соның ішінде самбо күресінен Сербия елінде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып,  ауданның, облыстың ғана емес, бүкіл қазақ елінің атағын әлемге паш  еткен  жерлесіміз Бақыт Ерасыл Шерниязұлының  ерлігін жас буынға үлгі ете отырып, ерекше ризашылығын білдірді. Еліміздің көк туын өзге елде желбіреткен Ерасылға аудан әкімі алғыс хат пен естелік  сыйлық табыстаса, «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, алғашқы болып Ерасылдың күреске деген қызығушылығын оятқан жаттықтырушыларының бірі Марат Есмағұловқа БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Аманбаеваның атынан алхыс хат табыстады.  Одан әрі жас болсада толағай табыстарға қол жеткізіп, бүгіннің өзінде спорт шеберіне үміткер атағына ие болып үлгерген ауданымыздың жас тоғызқұмалақшыларына  ақжарма тілегін айтып, жетістіктерін атап өтті. Мойындарында әр түрлі дәрежедегі медальдары сыңғырлаған тоғызқұмалақшылардың ең жасы 7 жаста болса, үлкендері 15 жаста ғана екен. Бұл жас спортшылардың арқасында ауданымыз екі жыл қатарынан тоғызқұмалақ спортынан «Үздік аудан» атанған болатын. Осын-дай жеңістерімен аудан намысын биік ұстап жүрген бүлдіршіндер де аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ,  тоғызқұмалақшылардың жаттықтырушысы Қайрат Шәутенов пен шәкірттері облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген қазақ күресінің жаттықтырушысы Замир Батыровқа да БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Аманбаеваның алхыс хаты мен естелік сыйлық табыс етілді.

Жиынның соңында спортшыларды аға буын атынан аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали құттықтап, изгі тілегін арнаса, ата-аналар атынан сөз алған Орынай Сапарова  спортшыларға қолдау көрсетіп жатқан аудан басшылығына және қос ұлының жаттықтырушысы Қ.Шәутеновке алғыс білдіре келе, спорт саласындағы түйткілді мәселелерді айтып, аудан басшысының қолдауын өтінді.

Жиын спортшылардың аудан әкімімен фотосуретке түсуімен аяқталды.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар