21.11.2017, 9:36
Қараулар: 322
Мобильді топ өз жұмысын бастады

Мобильді топ өз жұмысын бастады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның атсалысуына байланысты» деп атап өтті.

Осы орайда  ауданымызда барлық облыстардағыдай  сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылып, өз жұмыстарын бастап кетті.  Қараша айының басында аудан орталығындағы әлеуметтік нысандарды аралап, үгіт-насихат жұмысын жүргізген мобильді топ  кеше ауданымыздың оңтүстігінде орналасқан үш ауылдық округтің  (Жаңақазан, Мәстексай, Жаңажол) халқымен кездесті. Кездесу барысында Жаңақала ауданы әкімі аппаратының  заңгері  Надежда Тасмағамбетова халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіре отырып,  мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту қажет екендігін баяндады.

Жиын соңында тұрғындарға жадынамалар мен бүктемелер таратып, қоғамдық орындарға плакаттар ілінді.

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар