21.11.2017, 9:41
Қараулар: 9646
Қыс мезгіліне сақадай сай

Қыс мезгіліне сақадай сай

9-10 қараша күндері Жаңақала  ауданы орталығында «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығуда арнайы қызметтердің қысқа дайындығын аудан әкімінің орынбасары А.Мұхамбетжанов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Б.Каллимулдин және шұғыл әрекет ету тобының командирі А.Ахметов тексерді.

Оқу-жаттығу кезінде азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі, басқару органдарының күштері мен құралдарының дайындығы айқын-далды. Сонымен қатар құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігі дайындыққа келтірілді. Қатысқан 12 азаматтық қорғау қызметтері, 37 бірлік техника және 81 адам «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы қорытындысы бойынша дайын екендіктерін көрсетті.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар