28.11.2017, 11:44
Қараулар: 92
Музей қоры жаңа жәдігермен толықты

Музей қоры жаңа жәдігермен толықты

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында тарихи зерттеу арқылы қоғамдық сананы жаңғырту керектігін жазған еді. Соған орай Жаңақала аудандық тарихи-өлкетану музейі тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды. Біздің жоспарлы жұмыстарымыздың мақсаты тарихи орындарды табу, оны белгілеп, сол жерлерден ескі жәдігерлер іздеп, музей қорын жәдігерлермен толықтыру болды. Бірақ, құнды жәдігерлер кез келген жерден табыла бермейді. Сондықтан, біз аудандағы көне жәдігерлерді һәм ескі бұйымдарды жинайды-ау деген адамдармен қарым-қатынас орнатудамыз. Сондай адамдардың бірі — жаңақазандық Жұбантаев Бақтығали және Әбусинов Талап ағаларымыз. Олар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған тарихи-өлкетану музейімізді жәдігерлермен толықтыруда  күні бүгінге дейін қолғабыстарын тигізіп келеді.

Айта кетсек, жақында Бақтығали Жұбантаев ағамыз музей қорына  азамат соғысы уақытындағы киімдер мен  сабы 2 метр, 12 қырлы батырдың найзасын тарту етті. Сонымен қатар, кімде не сақтаулы екенін, қай жерден жәдігер жинау керектігін үнемі қаперімізге салып отырады.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар