28.11.2017, 11:48
Қараулар: 387
«Тең құқық — тең мүмкіндік»

«Тең құқық — тең мүмкіндік»

Таяуда «Нұр Отан» мәжіліс залында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Тең құқық – тең мүмкіндік» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкені аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Базарғалиұлы ашып, жиынға қатысушыларға жәрмеңкенің өту бағыты туралы түсінік берді.

Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Айзада Бекетқызы шараға қатысушыларды құттықтады. Жалпы аудан бойынша 724 мүгедек бар, ол барлық аудан халқының 3,3 пайызын құрайды. Соның ішінде 280-і  еңбек жасындағы мүгедектер. Аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі  шектеулі жандарды жұмыспен  қамту мақсатында 2014 жылдан 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін 123 мүгедекті жұмыспен қамтыса, оның ішінде бюджеттік мекемелерге — 53 адам, шаруа қожалықтарына — 23 адам, жеке секторларға 47 адам жұмысқа орналасқан.

2017 жылдың 1 қарашасына дейінгі мәліметтерге зер салсақ, 41 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс іздеуші болып тіркелген. Соның ішінде 26 адам жұмыспен қамтылған.

Жәрмеңкеге 21 жұмыс іздеуші мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Оның 3-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 3-і тұрақты жұмысқа орналасса, 3 адам  кәсіптік оқуға жіберілді. Сондай-ақ кәсіпкерлік негізде оқып келген 1 адамға жұмысқа жолдама берілді.


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.