5.12.2017, 9:05
Қараулар: 350
Ведомствоаралық кеңес өтті

Ведомствоаралық кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Жаңақала ауданы прокуратурасының мәжіліс залында аудан прокурорының бастамасымен ведомствоаралық кеңес өтті.  Аудан прокуроры А.Қабановтың   төрағалығымен өткен кеңеске дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары және БАҚ өкілі қатысты.Кеңестің күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Олар:  өкілетті мемлекеттік органдармен 2017 жылдың 10 ай мерзімінде ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның қолданылуына назар аударып, «Шағым – мемлекеттік қызметшінің индикаторы» жобасын жүзеге асыру нәтижесін талқылау және  ағымдағы мәселелер еді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан прокуратурасының аға прокуроры А.Қабдырахимов «Шағым – мемлекеттік қызметшінің индикаторы» жобасы туралы кең ұғымды түсінік бере отырып, биылғы жылдың ақпан айында аудан прокуратурасымен  аудандық ішкі істер бөліміне қарасты  әкімшілік полиция тобы  қызметінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасының қолданылуын тексеру барысында бірсыпыра заң бұзушылықтар орын алғандығы туралы атап өтті. Келесі болып мінберге көтерілген аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі А.Қаресов аудан әкімі аппаратына, ауылдық округтер әкімі аппараттарына және дербес бөлімдерге соңғы 9 айда түскен өтініштер туралы баяндады. Одан әрі кеңеске қатысушылар прокуратура қызметкерлерімен пікір алмасып, өздерін мазалаған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Кеңесті қорытындылаған аудан прокуроры А.Қабанов жиынға қатынасушыларға заң қағидаларын қатаң ұстануды ұсына отырып, барар жері, басар тауы қалмай көмек іздеп келген жандарға заң аясында дұрыс көмек көрсету керек екендігін тілге тиек етті.

      

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар