11.12.2017, 9:19
Қараулар: 457
Дала сырын шерткен сарын

Дала сырын шерткен сарын

Жуырда Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінде тұңғыш Президент күніне  және Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласына орай  мектепішілік «Жас талант» қобызшылар байқауы өтті.

Байқауда алғашқы боп  сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Насиболла Шәушенұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау мәдени мұраны сақтай отырып, жас таланттардың күйшілік шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасап, қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл байқауға барлық  мектептердегі қобыз сыныбының оқушылары қатысты.

Байқау нәтижесінде I орынды Жаңақала мектеп-гимназиясының оқушысы Айнара Талғатова жеңіп алса, ал II орынды М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Тахмина Карменова иеленді. Дина Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Дана Қамыспаева III орынды иемденді.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.