11.12.2017, 9:29
Қараулар: 512
Сала мамандары бас қосты

Сала мамандары бас қосты

Таяуда «Нұр Отан» партиясының  мәжіліс залында аудандық соттың ұйымдастыруымен тұңғыш Президент күнін мерекелеуге байланысты «Тәуелсіз сот жүйесін қалыптастырудағы тұңғыш Президенттің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға сот төрағасы Сабыржан Есжанов, судья Мереке Шүкіров, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, медиаторлар, үкіметтік емес ұйым мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында алғашқы боп сөз алған сот төрағасы С.Есжанов қатысушыларды тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Бұл күн 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ҚР-ның тұңғыш Президенті күні болып аталып келе жатырғанын, бұл Елбасының ұлт пен мемлекет алдындағы орасан зор еңбегіне деген құрмет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Елбасының салиқалы саясаты, Қазақстанды дүниежүзіне танытудағы ерен еңбегіне тоқталды.

Дөңгелек үстелде сөз алған судья М.Шүкіров Елбасының егеменді Қазақстанның қалыптасуына, соның ішінде Республикадағы қуатты сот билігін құруда үлкен рөлін атап өтіп, оның көрегенді саясатының арқасында сот төрелігінің түсінікті әрі айқын болуы үшін бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып жатырғаны, бұл орайда сот қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану және дамыту сот жүйесінің  басым бағыттарының бірі болып табылатынын, электронды сот төрелігі сотқа жүгінген адамдарға Жоғарғы соттың «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Хабарландыруға қатысты сот құжаттарын қарау» және басқа да электронды сервистерді пайдалану бойынша жылдам әрі тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болғанын әңгімеледі.

Жиын соңында қатысушылар тақырыпқа орай пікір алмасты.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар