4.01.2018, 9:13
Қараулар: 93
Шырша шамы жағылды

Шырша шамы жағылды

26 желтоқсан күні Жаңақала ауылының Достық алаңында Жаңа жыл мерекесіне орай салтанатты түрде ауданның бас шыршасының шамын жағу рәсімі болып өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин бастаған аудан активі мен мекемелердің ұжымдары, аудан орталығының жұртшылық өкілдері қатысты.

Шырша жанына жиылған қауымды аудан әкімі Н.Қарағойшин келе жатқан Жаңа 2018 Ит жылымен шын жүректен құттықтап, әр отбасына береке-бірлік, молшылық, ырыс-құт тіледі.

Шарада аудандық мекеме, бөлім ұжымдарының Жаңа Жыл мерекесіне орай дайындалған шеруі тамашаланды.

Сонан кейін аудан басшысы шеруде үздік шыққан аудандық  балалар бөбекжай-бақшасы ұжымымен бірге сиқырлы таяқшаның күшімен жасыл шыршаның шамын жақты. Әрі қарай шараға жиналған көпшілік қол ұстасып, жаңажылдық шыршаны айнала би биледі.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар