5.01.2018, 16:05
Қараулар: 80
Маңғыстаудан жүлдемен оралды

Маңғыстаудан жүлдемен оралды

Жақында Ақтау қаласында қазақ күресінен 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, қоғам және мәдениет қайраткері, Қазақстан мұнай өнеркәсібінің үздігі Н.А.Марабаевтың құрметіне арналған IV республикалық ашық турнир өткізілді.

Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен балғын палуандар қатысып, бақ сынады. Бұл жарысқа А.Ишанов жаттықтыратын Жаңажол ауылдық округінен 6 палуан қатысып, оның 2-і жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, 24 келі салмақта Асылбек Елубаев қола жүлдегер атанса, 26 келі салмақта белдескен Ермұрат Ізбасаров та қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, осы жарыста А.Елубаев пен Е.Ізбасаров спорт шеберіне үміткер атағына ие болды. Ал, оларға күрес әліппесін үйретіп, баптап-баулыған Айбек Ишановқа ауыл халқы дән риза.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар