3.01.2018, 16:06
Қараулар: 105
Қарияға құрмет көрсетті

Қарияға құрмет көрсетті

Жақында Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин Жаңақала ауылының тұрғыны, зейнеткер Хамия Ғазезованы торқалы 90 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. Бұл игілікті іске аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров, Жаңақала ауылдық округінің әкімі А.Ахметов, Жаңақала ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Валиев, аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакторы Ө.Ақбасов қатысты. Еңбек ардагерінің көп жылдар еткен еңбегін бағалаған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы деніне саулық, отбасына амандық тілеп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Сонымен қатар, басқа да азаматтар жүрекжарды тілек білдіріп, Хамия әжемізге ұзақ ғұмыр тіледі.