4.01.2018, 16:12
Қараулар: 370
Қарияларға құрмет

Қарияларға құрмет

Жаңа жыл қарсаңында, яғни 31 желтоқсан күні аудан әкімі Н.Қарағойшин бастаған бір топ басшылар ауылымыздың қазыналы қарияларына арнайы барып, жаңа жыл мерекелерімен құттықтады. Аудан әкімі атбасын алдымен тоқсанның төріне шыққан Арыстанғали Қойысовтың үйіне тіреді.  Қазіргі таңда Арыстанғали ата Жаңақала ауылы бойынша  көзі тірі жалғыз соғыс ардагері. Аудан басшысы ардагер қарияны ауыл тұрғындары атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, облыс басшысы Алтай Көлгеновтің құттықтау хатын табыс етті. Одан әрі құттықтаушылар тоқсанға табан тіреп қалған Ғайса Тумановты, Сатыбалды Жұмашевты және Сәлима Мұратова әжейді жаңа жылдарымен   құттықтай барып, жүрек жарды тілектерін жеткізді. Соның ішінде омырауы орденге толы Ғайса атамызды қаңтар айының 3 күні толатын торқалы 90 жасымен құттықтап,  ығына шапан жапса, Сәлима  Мұратованы ақпан айында толатын 90 жасымен құттықтады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.