8.01.2018, 14:36
Қараулар: 350
Жыл үздіктері анықталды

Жыл үздіктері анықталды

Желтоқсан айының 27 күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласы аясында  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және  «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  аудан жастарына «Жыл үздігі – 2017»  байқауының сыйлықтарын табыстау  шарасы өтті. Салтанатты шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі Н.Қарағойшин ауданымыздың үздік атанған  жастарын және  бұқаралық спорттың дамуына өз үлестерін қосып жүрген спортшыларды құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Одан әрі аудан әкімі қызыл кілеммен сахна төріне көтерілген үздік спортшыларды марапаттады. Атап айтсақ, ұлттық спорт түрлері бойынша «Үздік спортшы» бағамымен М.Есмағұлов, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша «Үздік спортшы» бағамымен А.Қойшекенов, «Спорт жанашыры»  бағамы бойынша А.Досмуханбетов марапатталса,  А.Ишанов «Үздік төреші», Ж.Гумаров «Үздік  команда жетекшісі»,  М.Демеуов «Жыл серпілісі», Т.Қайрушев «Үздік ойыншы»,  Н.Сисенбаев  «Үздік шабуылшы», А.Бекқалиев «Үздік спортшы»,  Б.Бекболатов пен  Б.Қуаншалиев «Ерікті спортшы»,  А.Тасқайыров олимпиадалық спорт түрлері бойынша «Үздік спортшы»,   С.Асқарұлы мен  А.Қатапов «Үздік жаттықтырушы» және Н.Сұпығалиев, М.Хамза,  Ә.Жолдыбаев «Спорттағы жеңісі үшін» бағамы бойынша үздік деп танылды. Сондай-ақ, аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда аудан намысын биік ұстап, жеңіспен оралып жүрген бір топ оқушыларды марапаттап,  «Үздік спортшы» төсбелгісін табыс етті. Және елімізге танымал Т.Қабатов жетекшілік ететін республикалық көңілді тапқырлар алаңы жобасының «Шабыт» кубогын жеңіп алған  ауыл студенттері де марапатталып, аудан әкімінің алғысын алды.

Салтанатты шараның екінші, яғни негізгі бөлімінде жастар арасында белсенділік танытып, Елбасымыздың саясатын жүзеге асыруға атсалысып жүрген жастар «Үздіктер» аталымымен марапатталды. Ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауда  А.Ермекқалиев «Үздік жас тілші», Е.Ерниязов «Үздік жас көшбасшы», А.Бақиев «Үздік студент», Қ.Шәутенов «Үздік жас ұстаз», Б.Өтешқалиев «Үздік жас өнерпаз», Е.Жақсыбаев «Үздік жас спортшы», Х.Бисенғалиева «Үздік жас маман», А.Шайдоллина «Үздік оқушы» және  А.Ермеков «Үздік жас кәсіпкер» деп танылып, «Жыл үздігі – 2017» байқауының арнайы сыйлығына ие болды. Шара соңында ауданымыздың өнерпаздары үздіктер құрметіне ән мен биден  шашу шашып, шараның шырайын кірг

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар