8.01.2018, 14:56
Қараулар: 354
Қыздар жарап тұр

Қыздар жарап тұр

Жақында Орал қаласында дзюдо күресінен 2001-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 370-тен астам палуан қатысты. Дүбірі алыстан естілген додада жаңақалалық палуандар да бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтсақ, 48 келі салмақта Әсем Бисенғалиева I орынды жеңіп алса, 70 келі салмақ дәрежесінде Әмина Зиноллаева II орынды еншіледі. Ал, 52 келі салмақта  Айзада Ақылбекқызы, 70 келі салмақта Гүлназ Серікқалиева III орынды олжалады.

Ауданның абыройын арттырып, жеңіс туын желбіретіп жүрген аруларға тек сәттілік серік болсын демекпіз.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар