22.01.2018, 15:07
Қараулар: 320
Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жетелейді

Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жетелейді

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша аудандық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Рухани орталықта өткізілген дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қоғамдық кеңес төрағасы, қоғамдық келісім кеңесі өкілдері, Ассамблея кеңесі мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер кеңесі мен жастар ұйымдары, аналар кеңесі өкілдері, аудандық кәсіподақтар жетекшілері мен кітапханашылар қатысты. Шара барысында Жолдауға қатысты аудандық орталық кітапханасы ұйымдастырған көрме қойылды. Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Қ.Теміров жаңа Жолдаудың нақты 10 бағыты бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетіп, толық мағлұмат берсе, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов Жолдаудың жетінші басымдығы болып табылатын «Адами капитал – жаңғырудың негізі» бағыты бойынша түсінік берді. Кейіннен сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шапихов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Әбуғали, еңбек ардагері М.Тәжиев сынды спикерлер жаңа Жолдаудағы білім, жұмыспен қамту, азаматтық қоғам институттарының белсенділігі төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстел қатысушылары Елбасының биылғы Жолдауында айтылған 10 басымдықтың ойдағыдай жүзеге асуы әрбір қазақстандыққа тікелей қатысы бар екендігін, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын толықтай қолдап, оны жүзеге асыруда бар мүмкіндіктерін жұмсайтынын мәлімдеді.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар