29.01.2018, 15:06
Қараулар: 556
«Көрермен көзайымы» атанды

«Көрермен көзайымы» атанды

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамдық санаға рухани сілкініс берген аса құнды үндеу болғаны анық.

«Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» атты кіші бағдарламасы табысты болашақтың іргетасы болып табылатын тәрбие және мәдени білім, бәсекеге қабілетті, прагматикалық, күшті, шығармашылық, патриоттық және біртұтас  ұлттың белсенді тұлға-сын қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта Ақжайық телеарна-сы оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытуға, ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін қолдану іскерлігін дамыту және жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қарым-қатынас ортасын қалыптастыру үшін «Эрудит» бағдарламасын ұйымдастырған болатын. Жобаның авторы — Ақжайық те-леарнасының журналисі Надежда Хабиболлақызы.

«Эрудит» зияткерлік сайысына Жаңақала ауданынан озат оқушылар іріктеліп, «Бірлік» және «Болашақ» тобы болып қатысты. Алайда, «Болашақ» тобы жеңіліс табуына орай жарыс жолын тоқтатты. Ал, «Бірлік» тобы жарысты одан әрі жалғастыруда. «Бірлік» тобы алғашқы кездесуінде Бөрлі ауданының командасымен кездесіп, жеңіске жетсе, екінші кезеңде де Бөрлі ауданының екінші командасымен кездесіп, жартылай финалға жолдама алды. Сонымен қатар, «Бірлік» тобы әлеуметтік желілер арқылы таратылған «Эрудит» бағдарламасының «Көрермен кө-зайымы» байқауында 1566 дауыс жинап, жеңіске жетті. «Бірлік» тобының құрамында Жаңақала мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Арман Ерболатов, №3 қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әйгерім Қарасаева, Жаңақала орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерасыл Мизамғалиевтар бар. Қатарластарынан  білім-білігімен оза шапқан оқушыларды 24 қаңтар күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин арнайы қабылдап, жобадағы жеңістерімен құттықтады. Аудан басшысы оларға толағай табыс тілей отырып, еліміздің болашағы  білімді де сауатты жастар екенін атап өтті.

Кездесуде жобаға қатысушы оқушылар өздеріне қолдау білдірген аудан әкімі Н.Қадырбайұлына, аудандық білім беру бөліміне, ұстаздарына алғыс-ризашылықтарын айтты.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар