29.01.2018, 15:10
Қараулар: 92
Келелі мәселелерді көтерген кеңес

Келелі мәселелерді көтерген кеңес

Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс  залында аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Ербол Салықов, қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме, бөлім басшылары, тағы басқалары қатысты.

Отырыста аудан әкімі Н.Қарағойшин аудандық қоғамдық кеңестің алдында жыл ішінде атқарған жұмыстарынан есеп берді. Аудан басшысы 2017 жылғы атқарылған ілкімді істер және ағымдағы жы-лы атқарылатын бірқатар ауқымды жобаларға тоқ-талып өтті. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік- экономикалық даму барысы және алда тұрған міндеттер туралы баяндады. Мұнан кейін аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шаһидолла Әбуғали, аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали атқарған қызметтері бойынша хабарлама жасады.

Отырыс барысында облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Ербол Салықов Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндік-тері» атты Жолдауына тоқталып,  кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің қоғамдағы рөлі мен міндеттерін тілге тиек етті.

Жиында сөз алған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Қ.Сәрсеков аудан орталығындағы жаңадан салынған жолдардың сапасы сын көтермейтіндігін мәлімдеп, сол үшін аудан әкімдігі тарапынан қандай шара алынғанын сұрады. Сонымен қатар, ол аудан басшысына жыл ішіндегі қылмыстық оқиғаларды  жіктеп көрсетуін, ауданда қылмыстың қай түрі артып отырғанын анықтау керектігін айтты. Ал, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шаһидолла Әбуғали «Орал-Жаңақала тас жолының бойындағы қос кесененің төлқұжаты бар ма, болса кімнің меншігінде?» деген сауалын жолдады. Бұдан соң қоғамдық кеңес мү-шесі А.Декартұлы аудан-да жалдамалы жұмыс-шылардың құқығы көбіне сақталмайтынын баян-дап,  олардың кәсіподағын құру керектігін жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шапихов құмды өңір-лердегі бос жатқан даланы игеру жөнінде, «Еңбек ардагері» медалін беру жолдары туралы нақты мәлімет сұрады.

Басқосуда ауданымыз-да өзекті мәселеге айналған малшы мен механизаторлардың  не үшін жетіспейтіндігі сөз болды. Бұл мәселені толық зерттеп, себебін анықтау керектігі айтылды.

Жиын соңында аудандық қоғамдық кеңес шешім қабылдап, аудан әкімінің, аудандық мәслихат хатшысының және аудандық қоғамдық кеңес төрағасының хабарламаларын қаперге ала отырып, аудан әкімінің 2017 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық  және басқа салаларды дамыту бағытында атқарған жұмыстарын қанағаттанарлық деп бағалады.