29.01.2018, 15:28
Қараулар: 452
Менің таңдауым — өнер жолы

Менің таңдауым — өнер жолы

Қаңтардың 24 жұлдызында Қ.Жантілеуов атындағы саз мектебінде  өнер жолын таңдап, жоғары оқу орнын жалғастырып жатқан түлектермен кездесу өтті. Мұндай шараны ұйымдастыру мақсаты – жас шәкірттеріне кәсіби бағдар беру, студенттік өмірдің қызығы мен қиындығын шәкірттермен бөлісіп, өнер жолына тәрбилеу еді.

«Домбыра» саласы бойынша білім алып жатқан болашақ мамандық иелері — Ұзақов Ақеділ Астана қаласындағы  Өнер академия колледжінің студенті, Таңатаров Мұхамедияр, Елеусінов Сағадат Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде халық аспаптар бөлімінің студенттері кездесудің түрткісі болды. Кешке қатысушылар ұстаздар мен тәлімгерлер және ата-аналар қауымы еді.

Саз мектебінің директоры Нұралы Сапарғалиұлы сөз тізгінін қолға алып, шараны ашып берді. Сонан соң, болашақ маман иелері өнер жолына қалай түскендігі, оларға кім себепкер болды, оқу орындары мен студенттік өмір жайында жеке-жеке ойларымен бөлісті. Айта кетерлік жайт, түлектерге саз  мектебінде тәлім алғандары, ұстаздарының берген ақылдары жоғары оқу орнында кәдеге асып, оқу орнында кездескен қиындықтарды жеңулеріне септігі тигенін тілге тиек етті. Әсіресе, Ақеділ болашақта өнер жолын таңдаймын деген шәкірттерге өз атынан сольфеджио сабағына аса мән беру керек екендігіне тоқталды.  Кездесуде шәкірттер ағаларына өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісіп, өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, ойларында жүрген сұрақтарын ортаға салды.

Кездесу соңында студенттер  қонақкәде ретінде күй ойнады.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.