6.02.2018, 9:50
Қараулар: 89
Жұмыс нәтижесі сараланды

Жұмыс нәтижесі сараланды

15 қаңтар  күні аудандық сотта 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға сот төрағасы С.Есжанов, сот қызметкерлері және БАҚ өкілі қатысты.

Баспасөз конференциясының  мақсаты — сот төрелігінің беделін арттыру, бұқараға әділ соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және халыққа заң нормаларын түсіндіру.

Сот төрағасы С.Есжанов қылмыстық, азаматтық  және әкімшілік құқықбұзушы-лық істері бойынша көрсеткіштерді атап, істерді қарау сапасына тоқталды. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылдың 21 желтоқсандағы заңын талқылады. Аталған заңмен қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіліп, жаңа  «Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі» тарауымен толықтырылғанын атап өтті. Осыған сәйкес, сот төрелігін атқару кезіндегі жаңа  іс жүргізу заңнамаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігін баса айтты.

2017 жылдың 12 айлық   есебімен   аудан-дық сотқа жалпы көлемде 874 іс бойынша арыз түсіп, оның ішінде 724 іс қарауға жіберілді. Ал, 2016 жыл қорытындысымен 922 шағым, яғни салыстырмалы түрде көрсеткіш төмендеген. Азаматтық істер бойынша 343 шағым, әкімшілік істер бойынша 444, қылмыстық істер 87 арыз түскен. Мәселен, отбасылық дау-дамай 9 арызға кем түскен, қылмыстық жазаға тарту бойынша 4 шағымға кем, әкімшілік істер бойынша 2016 жылы 165 іс бойынша тоқтам салынса, 2017 жылы 163 іске тыйым салынды.

Жиынды  қорытындылай келе, сот төрағасы сот төрелігін сапалы түрде жүзеге асыруды арттыру, оның жылдамдығын және заңдылығын нығайту бағытында сот корпусы бар күш-жігерін жұмсау қажеттігін атап өтіп, соттың алдағы уақыттағы негізгі міндеттерін айқындады.