6.02.2018, 10:28
Қараулар: 644
«Толағай» табысты өтті

«Толағай» табысты өтті

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында делінген. Ал, бүгінгі ұрпақтың тәрбиесі оның отбасынан бастау алады. Осы бағытта қаңтар айының 26 жұлдызында аудандық «Жауқазын» бөбекжай-бақшасында отбасылық сайыс оздырылды. Оның мақсаты – отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайту, бүлдір-шіндер ата-аналарымен спорттық ойындар ойнай отырып, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Отбасы мүшелерін шапшаңдыққа, ептілікке баулу, салауатты өмір сүруге тәрбилеу. Бес бөлімнен тұратын сайысқа «Әлібековтер», «Есеновтер», «Тұрәлиевтер», «Жанатовтар» жанұялары қатысты.

Алдымен, балабақша меңгерушісі К.Елтайқызы сөз алып, сайысқа қатысқалы отырған отбасыларға сәттілік тіледі.

Сайыста балабақша меңгерушісі К.Жұмагельдина, балабақша әдіскері Ж.Анесова, кәсіподақ төрайымы А.Смағұлова «Желаяқтар», «Тәтті жұп», «Пойыз», «Кедергіден өту», «Мықты болсаң, озып көр» атты әр кезеңнен кейін әділ бағаларын бере отырып, жеңімпаздарды анықтады.

Шара қорытындысында «Ең үздік отбасы» атағын Есеновтер отбасы иеленіп, жеңімпаз атанды. Жүлделі І орын Тұрәлиевтер отбасына, ІІ орын «Жұлдыз тобына», ІІІ орын Әлібековтер отбасына бұйырды.

«Спорт – денсаулық кепілі» десек, отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Толағай» отбасылар сайысы бағытындағы шаралар бұдан әрі де жалғасын табатыны сөзсіз.