6.02.2018, 10:32
Қараулар: 395
«Жаныңда жүр жақсы адам»

«Жаныңда жүр жақсы адам»

Жуырда аудандық «Бөбек» балабақшасын-да «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кеш өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағытында «Айгөлек», «Балдырған» 4-5 жас аралы-ғындағы топ бүл-діршіндерінің Бұлсын Рамазанқызы жетекшілігімен озды-рылды. Кеште желтоқсан оқиғасының қатысушысы, Жаңақала ЖОББ мектебінің әскери жаттықтырушысы Батыр Болатұлы қонақ болды. «Бөбек» балабақша директоры Бегайым Төлеуғалиқызы бүлдіршіндерге еге-менді елдің ұрпағы екенімізді, Батыр аталары секілді жандардың арқасында бейбіт күннің астында өмір сүріп жатқанымызды әсте естен шығаруға болмайтынын ұғындырды. Желтоқсан оқиғасы желісімен Қ.Рысқұлбековті абақтыға қамау туралы сот үкім шығару залының сахналық қойылым рөлдерін кіп-кішкентай балақайлардың сомдауы ерекше әсер қалдырды. Батыр Болатұлы балалардың өнеріне тәнті болып, алғысын білдірді. Балалардың бойында Отанға деген патриоттық сезімге, қазақ еліне қызмет етемін деп тәрбиелеудің маңызы зор екенін тілге тиек етті. Мерекелік кеш бүлдіршіндердің жаттаулары, биімен ұласып, саз жетекшісі Баян Қажиетқызының жетекшілігімен «Қазақстан» әнімен қорытындыланды.

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.