12.02.2018, 17:23
Қараулар: 81
Жаңақалалықтар жұмыла атсалысты

Жаңақалалықтар жұмыла атсалысты

Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау – адамдар-дың міндеті. Осы мақсатта өзен-көлдердегі балықтардың жаппай тұншығу қаупінің алдын алуға арналған экологиялық айлық 27 қаңтар күні Жаңақала ауданының барлық округтері мен елді мекендерінде де ұйымдастырылды.

Бұл шараны іске асыруға ауылдық округ әкімшілігі, мектеп басшылары ұйытқы болды.

Балық та – байлық. Балығы мол өзен-көлдерге судың аз түсіп, бауырлап қатуы балықтардың тұншығу қаупін туғызды. Ал балықтарды құтқару акциясына жаңақалалықтар ұйымшылдықпен атсалысып, игілікті іске үлкен үлес қосты. Әр өзен-көлдер мен су қоймаларына топ-топ болып барған тұрғындар жүздеген ойықтар ойып, қамыс шаншып, өзендегі балықтардың тұншықпауына жағдай жасады.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар