12.02.2018, 17:30
Қараулар: 103
Рухты ермен өткен рухани кеш

Рухты ермен өткен рухани кеш

Ақпан айының 2-і күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ая-сында  зейнеткер, полиция подполковнигі Сәрсеков Ғайбутолла Сәрсекұлымен рухани жүздесу кеші өтті. Аудан әкімінің келісімімен, аудандық қоғамдық  кеңестің бастамасы-мен, аудандық мәде-ниет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімі Н.Қарағойшин, қоғамдық кеңестің мүшелері, Ғ.Сәрсекұлының дос-жарандары мен әріптестері қатысты. Зейнеткердің тағылымды өмірінен сыр шертер бейнероликпен басталған кеште, алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Н.Қарағойшин кеш иесін 70 жасымен құттықтап, иығына шапан жапты. Одан әрі кеш тізгінін ұстаған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Әбуғалиев сөз кезегін қоғамдық кеңестің мүшелері А.Сәлімов пен  Ә.Досмұхамбетовке берді. Қоғамдық кеңес мүшелері бейнетінің зейнетін көріп отырған зейнеткерге жүрекжарды тілектерін арнап, саятшылыққа жаны жақын Ғ.Сәрсекұлына саятшылық құралдарын сыйға тартты. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Өтеш Әбуғалиев ұжым атынан әріптес ағаларын құттықтап, ішкі істер бөлімінде де осындай кездесу кеші ұйымдастырылғандығын тілге тиек етті. Тәрбиесі мен тәлімі мол кеште аудан  өнерпаздары кеш қонақтарына әсем әндерін тарту етсе, қонақтар еркін микрофон бөлімінде кеш иесіне арнап өз тілектерін жолдады.