19.02.2018, 16:31
Қараулар: 85
Шаруалар бас қосқан жиын

Шаруалар бас қосқан жиын

Рухани орталықта «Жаңақала-Несие» кредиттік серіктестігі» ЖШС құрылтайшыларының жылдық есеп беру жалпы жиналысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Асқар Мұқанбетжанов, БҚО «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының кеңесші маманы Азамат Темірғалиев, ҚР АӨК «Кредиттік серіктестіктер Ассоциациясы» БҚО құрылтайшысы Абай Багисов және жеке шаруа қожалығының жетекшілері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен Едіге Текебаев күн тәртібімен таныстырды.

Жиынға қатысушыларға «Жаңақала-Несие» кредиттік серіктестігі» ЖШС басқарма төрағасы Тимур Биғалиев серіктестіктің 2017 жылы атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері жөнінде есеп берді.

-Қазіргі уақытта серіктестік құрамын 108 құрылтайшыға, жарғылық капитал көлемін 67 млн. 850,0 мың теңгеге өсірдік. Сондай-ақ, дәл қазір 12 шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлер несие құрамына кіруге өз өтініштерін білдіріп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлық берілген жоспарды толық орындап шықтық. 2017 жылы берілген несие көлемі 277 млн. 312 мың теңге.

Аудан мал шаруашылығына бағытталғандықтан, алынып жатырған несиелер де мал шаруашылығын дамытуға жұмсалуда,-деді Т.Биғалиев. Бұдан әрі серіктестіктің заңгері А.Нұрболатова  «Жаңақала-Несие» кредиттік серіктестігі» ЖШС-нің басылымдағы ішкі несие саясатының ережесін және жаңа басылымдағы несиелендіру ережесін түсіндіріп, құжаттарды жүргізу тәртібі туралы хабарлама жасады.

Жиын соңында тараптар сұрақ-жауап алмасып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар