19.02.2018, 16:37
Қараулар: 88
Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі

Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі

Аудандық кітапханада «Рухани қазына»  кіші бағдарламасының «Тәрбие және білім» жобасы аясында «Латын әліпбиіне бейімділік дағдысын қалыптастыру» атты танымдылық сағаты өтті. Шараға кітапхана оқырмандары, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар және жұмыссыздар  қатысты.  

Қоғамда мемлекет енгізіп жатырған озық жүйелерді тез қалыптастыру, қабылдау, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруді қолға алу, сонымен бірге Елбасы бағдарламалық еңбегінің «ХХI ғасырдағы ұлттық сана» туралы алғашқы тарауының төртінші бөлімін «Білімнің салтанат құруы» деп атап, оқу-білімнің бүгіні мен болашағына, осы салада атқарылатын шаралардың нәтижелі болуы білімнің мөлдір бастауы әліпбиден басталатынын айтқан болатын. Басқосу барысында оқырмандарға латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі нұсқасы таратылып, шараға қатысушылар өздерін жаңа әліпбиге бейімдеу мақсатында латын қарпімен өз аты-жөндерін жазды.

Сондай-ақ, «Жарқын болашаққа жаңа қадам» атты кітап көрмесі таныстырылып, қатысушыларға сауалнамалар ұсынылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Т.Өтешқалиев,  А.Тұрмағамбетова, С.Міржаққызы  және Жаңақала ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Аманқызы латын әліпбиінің әлемге жол ашатынын, ғасырға жуық қолданылған кириллицадан арылып, әліпбиге көшу оңай еместігін, дегенмен де, алдағы уақытта кездесетін қиындықтарды терең және байыппен түсіну қажет екендігін айта отырып, болашақта жетілдіру істерін бірге жалғастыруға шақырды.

 

Рухани жаңғыру

Басқа да мақалалар