27.02.2018, 16:42
Қараулар: 463
Маралбек ел біріншілігіне жолдама алды

Маралбек ел біріншілігіне жолдама алды

 

16-18 ақпан күндері Орал қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 17, 19, 21 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан классика және блиц түрлерінен Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Бөрлі, Тасқала,  Теректі, Сырым, Жаңақала, Қазталов, Шыңғырлау аудандары және қала мектептерінен, жоғары оқу орындарынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Үш күнге созылған чемпионат өте тартысты, жоғары деңгейде өтті.

Бұл жарыста аудан командасының сапында өнер көрсеткен Інжу Қайыржанова 17 жасар қыздар арасында III орынға ие болды. Інжудің жасы кіші болса да, үлкендермен иық тіресіп, жүлдегерлер қатарынан көрінгені аудан үшін зор абырой. Ал, 19 жасар ұлдар арасында Маралбек Темірғали классика түрінен II орын, блиц (шапшаң ойын) түрінен III орынды еншіледі. Айта кетсек, М.Темірғали наурыз айының 24-31 күндері Астана қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды.

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.