6.03.2018, 18:35
Қараулар: 536
Кейуанаға құрмет көрсетті

Кейуанаға құрмет көрсетті

Өткен аптада  аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин Жаңақала ауылының тұрғыны, зейнеткер Айтжан Рахметованы торқалы 90 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

Бұл игілікті іске аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров, Жаңақала ауылдық округінің әкімі Абзал Ахметов, Жаңақала ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғинаят Валиев қатысты. Еңбек ардагерінің көп жылдар еткен еңбегін бағалаған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстап, ізгі лебізін арнады. Кейуананы басқа да азаматтар құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі. Айтжан әже құттықтап келгендерге ақ батасын берді.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар