12.03.2018, 15:13
Қараулар: 538
Белсенді партия мүшелері марапатталды

Белсенді партия мүшелері марапатталды

Елбасы Н.Назарбаев: «Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан халқына арнаған Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше орын беремін» деді. Иә, «Нұр Отан» партиясы нағыз халықтың, береке-бірліктің партиясы. Көктемнің алғашқы күні 1 наурыз – Партия күні. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында «Жетістікке жетер жол» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оған ауданның көшбасшы жастары және партия мүшелері қатысты.

Шараны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов жүргізіп, жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Бұдан кейін жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жақсылық Нұрманұлы шағын хабарлама жасап, орталықтың алға қойған мақсаттары мен міндеттерін әңгімеледі. Бұдан соң тоғызқұмалақ жаттықтырушысы Қ.Маратұлы, жас кәсіпкер А.Ермеков, №3  қазақ орта мектебінің ұйымдастырушы педагогі Ж.Төлеуғалиева, «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Сатыбаевтар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Олар жастарға жарқын жетістікке жету үшін талмай еңбек ету керектігін атап өтті. Басқа да парасатты пікірлерін білдірді.

Нақ осы күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов алдын ала өтініш берген жалынды жастарға партия билетін табыстады. Сондай-ақ, бірқатар партия мүшелерін «Нұр Отан» партиясының саясатын жүйелі жүзеге асырып, қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны үшін марапаттады.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар