12.03.2018, 15:17
Қараулар: 80
Тұрғындар тілегі тыңдалды

Тұрғындар тілегі тыңдалды

Өскелең өмір, уақыт тынысына сай халық аманатын арқалаған халық қалаулылары  ел-жұрттың ұсыныс-пікірлерімен санасу мақсатында қоғамдық қабылдаулар өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Ағымдағы жылдың 1 наурызы күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау өткізді. Билік пен халық арасын жақындататын қабылдауға өздерін мазалаған мәселелерін айтып ауданның 14 тұрғыны келді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың қаузаған мәселелерінің дені жұмыс сұрау, жер телімін сұрау сынды жеке мәселелер болса, кейбіреулері «Жалғызбасты аналарға Үкімет тарапынан көрсетілетін көмек бар ма?» деген сұрақпен  материалдық көмек сұрап келіп жатты. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған аудан басшысы әр айтылған  мәселелер жауапсыз қалмайтындығын айтып, бөлім басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар