19.03.2018, 15:38
Қараулар: 85
Арулар аудан әкімінің қабылдауында

Арулар аудан әкімінің қабылдауында

7 наурыз күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданның дамуына үлес қосып жүрген әйелдер өкілдерін және көпбалалы аналарды қабылдады. Жиын басында аудан әкімі қабылдауға келген әйелдер қауымын көктемгі мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш кездесудің құрметті қонағы болып келген аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Әбуғали, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов және «Жаңарған өңір» газетінің редакторы Ө.Ақбасов ақ жаулықты аналар мен ару қыздарға арнап игі тілектерін айтты. Одан әрі құрметке бөленген аналар мен арулар аудан әкімі мен ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, бастан өткізген қызықты да, қиын кездері туралы сыр бөлісіп, пікір алмасты. Кеш соңында жиынға келген әйелдер қауымы аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтарына ие болып, естелік суретке түсті. Нәзік жандылармен өткен мерекелік қабылдау аудан өнерпаздарының дайындаған «Анаға тағзым, Анаға құрмет» атты  мерекелік концертке ұласты. Бұл жерде ауданымыздың көпбалалы аналары «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарымен марапатталып, аудандық мәдени демалыс орталығының ер азаматтарының өнерлерін тамашалады.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар