2.04.2018, 11:44
Қараулар: 328
16 адам жұмысқа орналасты

16 адам жұмысқа орналасты

Рухани орталықта «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен еңбекке орналастыру жәрмеңкесі өтті. Аталмыш жәрмеңкенің ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары  Ж.Нұрғожин өткізіліп отырған жәрмеңкенің маңызы мен мақсаты туралы айтып, барша жұмыс іздеуші әйелдер қауымын өткен мейрамдарымен құттықтады. Бос орындар жәрмеңкесінде   15 жұмыс беруші  28 бос жұмыс орнын ұсынған болатын. Жұмыс іздеушілер қажетті мекемеге өздерінің түйіндемелерін тапсырып, сауалдарын қойып, ашық түрде пікір алмасты. Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді табыстырған жәрмеңкенің нәтижесінде 11 жұмыс берушіге 16 жолдама берілді. Оның үшеуі былтырғы жылы қысқа мерзімді оқу курсын аяқтаған мамандар. Сондай-ақ, былтыр көгілдір отыны тартылып, келер жылы ауыз суы келейін деп отырған Жуалыой елді мекеніне  жаңақалалық үш адам  жолдама алып, отбасымен қоныс аударатындығын айтты. Ауылдың жағдайы жасалып, жұмыс көзі ашылса,  халық тұрақтап қана қоймай, қоныс аударушылардың да саны артатынына осы жәрмеңке  бір дәлел болды.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар