27.03.2018, 12:01
Қараулар: 333
Көпке үлгі көшелер

Көпке үлгі көшелер

Әз Наурыз — бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап, бізге қалдырған аманаты, жақсылық пен келісімнің, жаңа күннің символы.

Жаңақала ауданы орталығында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Ауыл көшелері» атты шара өтті. Осыған орай «Болашақ» ықшамауданында, Желтоқсан, Тоқсанов, Меңдіханов көшелерінде ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, Наурыз мерекесі атап өтілді. Аталмыш көше тұрғындары ортақ мейрамға үлкен ұйымшылдық танытып, ауыз толтырып айтарлықтай атсалысты.

Әр көшеде тігілген киіз үйлерге арнайы ат басын тіреген аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин бастаған топ жиналған жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Думанды шарада ауыл балалары асыр салып ойын ойнаса, ақсақалдар бата беріп, ақ тілектерін айтты. Ал, ауданның білекті жігіттері арқан тартыс жасап, күш сынасты.

Нақ осы күні алтыбақан құрылып, наурыз көже пісіріліп, ауыл тұрғындары ән мен жырдан шашу шашты.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар