6.04.2018, 16:40
Қараулар: 274
«Парасыз болашаққа. Бірге!»

«Парасыз болашаққа. Бірге!»

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» республикалық акциясы аясында аудан орталығында жасақталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Жаңақала ауылдық округі әкімдігінің мамандары және Жаңақала мектеп-гимназиясының оқытушыларымен кездесу өткізді.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, құқықбұзушылықтарының алдын алудың маңыздылығы мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар, қоғам дертіне айналып отырған жемқорлықпен бірігіп күрескенде ғана нәтижеге қол жеткізуге болатындығы атап өтілді.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалынған парақшалар мен үн қағаздар таратылды.

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.