23.04.2018, 17:13
Қараулар: 240
Оқу грантын ұтып алды

Оқу грантын ұтып алды

Ағымдағы жылдың 16-18 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен «Ақберен» республикалық байқауынан Ә.Жангелдин атындағы ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы Ешкаев Сиғватолла І орынмен жүлделі оралды. Сонымен қоса Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің гранты негізінде білім алуға жолдама ұтып алды.

8-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысатын байқаудың мақсаты – жас дарындар арасынан  гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр, талантты, жан-жақты, өнерлі балаларды іздеп табу. Шәкірттерге кәсіби бағдар беру арқылы ұлттық ортаны қалыптастыруға  жол көрсетіп, шешендік, әмбебаптық, танымдық қабілеттеріне баса мән беріп, айқындауға атсалысу.

Сиғватолланы жеңісімен құттықтай отыра,  болашағың жарқын, бағындырар белесің көп болсын деп тілек білдіреміз!

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.