19.04.2018, 17:19
Қараулар: 195
Айлыққа атсалысайық, ағайын!

Айлыққа атсалысайық, ағайын!

Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшин «Аудан бойынша санитарлық-экологиялық айлықты өткі-зу туралы» қаулыға қол қойды.

Қаулы бойынша  14   сәуір -14 мамыр аралығын-да өтетін айлықты ұйымдастыратын аудандық жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.

Осы іс-шаралар жос-парында 2018 жылғы 14, 21, 28 сәуір және 5,12 мамыр күндері жалпы аудандық  сенбіліктер өткізу, оған аудан тұрғындарын ба-рынша мол қатыстыру көрсетілген.

Сондай-ақ осы жыл бойынша үздік көше, үздік аула, үздік елді мекендерді анықтап, марапаттау да айтылған.

Айлық кезінде қоғамдық құдықтарды, су құбырларын жуу және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ауылдар мен елді мекендердегі иесіз апатты күл-қоқыстарды анықтау және оны тазарту, әр ауланы иелерінің таза ұстауын ұйымдастыру жұмыстары атқарылуы тиіс.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды төгу орындарын, мал қорымдарын ретке келтіру жұмыстары жүзеге асырылады.

Су қорғау аймақтарының тазалығы мен қажетті көлемде ағаш көшеттерін егуді ұйымдастыру жұмыстары бақылауға ұсталады.

21 сәуір — Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні шеңберінде «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» акциясын өткізу, оған елді жұмылдыру, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру ісіне көңіл бөлінеді.

Тазалық – денсаулық кепілі, тазалық – ауылдың ажары. Қоршаған ортаны таза ұстау — әр адамның міндеті. Олай болса, тазалық айлығына атсалысып, игілікті шараларды көп болып бірге атқарайық, ағайын! Ауылымызды таза ұстау өз қолымызда.

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.