4.05.2018, 17:35
Қараулар: 235
Шаруалар назардан тыс қалмайды

Шаруалар назардан тыс қалмайды

27 сәуір күні  Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов Жаңақала  ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, шаруалардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен Игорь Валерьевич бастаған бір топ басшылар аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің бастауымен аудан орталығындағы ет комбинатында болып, оның мал сою, ет сақтау сынды жұмыстарымен танысты. Одан әрі облысымыз бойынша алғашқы болып асылтұқымды герефорд  және абердин-ангус сиырларын әкеліп, оны өсірумен айналысып отырған  «Муса» шаруа қожалығында болып, қожалықтың «Базарқұдық» қыстағындағы бүгінгі заманға сай салынған үй-жайларын және ауыл шаруашылық техникаларын көріп, шаруа қожалығының жетекшісімен ашық-жарқын әңгімелескен Игорь Стексов шаруашылығын дамытып жатырған Тілеген Мусинге өз ризашылығын білдірді. «Муса» ШҚ-нан соң басшылар ат басын Бірлік ауылдық округіне бұрды. Бұл жерде асылтұқымды еділбай қойын өсірумен айналысатын «Бірлік мал зауыты» ЖШС-нің директоры Қанат Ешімовпен кездесіп,  шаруашылықты дамытуда қолбайлау болып тұрған қиындықтар мен алда тұрған міндеттер туралы сұхбаттасып, төлдеп жатырған құйрықты қойларды тамашалады. Одан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары  Қызылоба ауылдық округіндегі  «Хафиз» және «Айдар» шаруа қожалықтарына бұрылып, ондағы шаруалармен кездесті. И.Стексов қызылобалық шаруалармен кездесуде демеу қаржы, оны алудағы  өзгерістер мен толықтырулар туралы әңгіме өрбітсе, шаруалар жыл сайын ереженің өзгеріп кетуіне байланысты демеу қаржыны алуда бірқатар қиындықтар туындайтынғын мәселе қылып алға тартты. «Көшім» ЖШС-нің директоры  Наурыз Бекмашев жылқы малын субсидиялау туралы ұсынысын білдірді. Шаруалармен ашық пікірлескен Игорь Валерьевич  жұмыс сапарын ауданымыздағы су шаруашылығы обектілерінің жұмыс барысын  талқылаумен қорытындылады.

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.