3.05.2018, 17:57
Қараулар: 350
«Балдәурен» жаққан жұлдыздар

«Балдәурен» жаққан жұлдыздар

24-25 сәуір аралығында Жастар шығармашылығы орталығында дәстүрлі облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Аталмыш байқауға аудандық кезеңнен жолдама алған үміткерлер қатынасты.  Гала концертте эстрадалық вокал жанры бойынша Құмар Еркебұлан  Е.Хасанғалиевтің «Айналдым — елім» әнімен, үлгілі «Нұрбибі» би ансамблі «Бұлбұл заман» биімен іріктеу кезеңінен өтіп, өнер көрсетті. Байқаудың бес жанры бойынша қатынасқан Жаңақала ауданының жас өнерпаздары бес бірдей жүлдемен оралды. Атап айтатын болсақ, эстрадалық вокал жанры  бойынша Құмар Еркебұлан ІІІ орын (жетекшісі Ж.Мұсағалиев), хореография жанры бойынша үлгілі «Нұрбибі» би ансамблі ІІІ орын (жетекшісі Л.Қанатова), халықтық ән (терме) жанры бойынша Азат Алмасұлы ІІІ орын (жетекшісі Д.Қаберов) иеленіп, халықтық музыка (домбыра) жанры бойынша Дінмұхамбет Сыйықов дипломант (жетекшісі Е.Губайдуллин), поэзия жанры бойынша Рыскалиева Римма дипломант (жетекшісі С.Қарекенова) атанды. Аудан намысын қорғап келген өнерпаздарға әрқашан жеңіс, жетекшілеріне шығармашылық табыс тілейміз.