11.05.2018, 16:26
Қараулар: 535
Тартысқа толы жарыс

Тартысқа толы жарыс

11 мамыр күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ерлер және әйелдер арасынан үстел теннисі бойынша жарыс ұйымдастырды. Бұл ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындарына іріктеу мақсатындағы жекелей аудандық жарыс есебінде өтті.

Алдымен, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Нұрғалиқызы жарысқа қатысушы спортшыларымызға сәттілік тілеп, құттықтау сөзін сөйледі. Сонан соң жарыстың бас төрешісі М.Есмағұлов спортшыларымызды ойын ережесімен таныстырып өтті.

Іріктеу кезеңіне қатынасқан 30-дан астам қатысушылардың ойыны тартысты да қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында финалдық ойынға жолдама алғандар:                Б.Қуаншалиев І орынды, А.Валиев ІІ орынды, Ә.Жолдыбаев, Н.Сұпығалиев ІІІ орынды иеленді. Әйелдер арасында М.Зұпарова І орынды, С.Бисенбаева ІІ орынды, А.Маратова, Р. Ильясова ІІІ орынды місе тұтты.