16.05.2018, 16:45
Қараулар: 616
Жастарға кеңес берілді

Жастарға кеңес берілді

4 мамыр күні жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» жобасы оздырылды. Жоба мақсаты – ауыл жастарының бірнеше сала бойынша шақырылған мамандардың кеңесін тыңдап, көкейкесті сұрақтарына жауап алу. Алдымен, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ж.Хайрелов «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мағлұмат берсе, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә.Башаров жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде айтып, бос орындар тізімін таныстырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы А.Набидоллина жастардың тұрғын үйге кезекке тұру мәселесі жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар, кәсіп ашуға ниет етіп, соның жолдарын іздестіріп, кәсіпкерлікпен айналысам деген жастарға БҚО кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры Г.Асханбаев кеңес берді.

Жиі ұйымдастырылып тұратын мұндай бағыттағы шараның жастарға берер көмегі мол екенін айта кету керек.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар