21.05.2018, 9:55
Қараулар: 88
Келелі кеңес өтті

Келелі кеңес өтті

19 мамыр күні  БҚО әкімінің орынбасары Б.Қонысбаеваның қатысуымен бейресми жұмыспен қамтылған халықты рәсімдеу бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы туралы кеңес өтті. Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің төрағалығымен өткен келелі кеңеске облыс басшысының орынбасарымен қатар Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмұхамбетов, бейресми жұмыспен қамтылған аудан тұрғындарын аудан экономикасына тарту бойынша құрылған  аудандық штаб мүшелері, ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кеңесте алғашқы болып мінберге көтерілген аудан әкімінің орынбасары, аудандық штаб төрағасы Ж.Нұрғожин бейресми жұмыспен қамтылған халықты рәсімдеу бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы туралы баяндама жасады. Аудан әкімі орынбасарының баяндамасын тыңдап, штаб жұмысының мән-жайымен қаныққан Бибігүл Тишанқызы орын алған кемшіліктер, оны жолға қоюдың жолдарын талдап көрсете отырып,  штаб жұмысын әлі де жетілдіру керектігін айтып, жұмыс барысында кездесетін қиындықтардың шешу жолдары қақында келелі кеңес, нақты тапсырмалар берді.