28.05.2018, 10:12
Қараулар: 202
Мал төлдету науқаны жалғасуда

Мал төлдету науқаны жалғасуда

Малшы қауым үшін мал төлдету науқаны аса бір жауапты кезең. Тек төрт түлік ұстағандарға ғана емес, бұл бүтін бір ауыл шаруашылығы саласы үшін де маңызы зор науқан. Бұл науқан Жаңақала ауданында сәтті өтуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, ауданда төрт түлік мал бойынша төл алу науқаны 100 пайызға орындалып, алынған төл саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан. Атап айтқанда, бүгінгі күнге аудан бойынша 62300 бас ірі қара, 24381 бас жылқы, 1009 бас түйе, 248375 бас қой мен ешкі, 5216 құс есепке алынып, бағылуда екен. Мамыр айындағы есеп бойынша аналық бастардан алынған төлдің басы 14814-і бұзау, 88746-ы қозы-лақ, 5099-ы құлын, 160 бота болып отыр.

Бұл көрсеткіштердің биылғы жылдың мамыр айындағы есебі екенін ескерсек, өсім көрсеткіші әлі де арта түсетіні түсінікті. Өйткені, кейбір шаруашылықтарда төл алу науқаны әлі де жалғасуда.

 

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.