24.05.2018, 10:40
Қараулар: 252
Жас өнертапқыштар сынға түсті

Жас өнертапқыштар сынға түсті

Мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен «Астананың 20 жылдығына жас өнертапқыштар жетістігі» атты ғылыми-техникалық жобаларды қорғау байқауы өтті. Жарыстың мақсаты – жас техникалық өнертапқыштарды тәрбиелеп, оларға қолдау көрсету, дарынды оқушыларды анықтап, ізденістерін, еңбектерін бағалау. Аудан деңгейінде өткен әуе, авто, кеме, зымыран үлгісі көрсетілетінспорттық-техникалық жарысқа М.Мирманов, С.Меңдешев, М.Жүнісов мектептерінен басқа 11 білім ошақтарынан келген оқушылар қатынасты. Екі бөлімнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңі орталық спорт алаңында батпырауық ұшыру, планер, радиобасқару, үлгілеу түрлерінен бастау алды. Жарыстың ашылу салтанатында МТЖО директоры Ғ.Сүлейменова құттықтау сөзін сөйлесе, МТЖО қосымша білім беру педагогі Б.Қаратаев қатысушыларды байқаудың негізгі шарттарымен таныстырып өтті.

Мектептен тыс жұмыс орталығында жалғасын тапқан жарыстың қорытындысы бойынша қатысушылар естелік сыйлықтар және  дипломдармен марапатталды. Олардың ішінде 10-14 мамыр аралығында өтетін облыстық жас өнертапқыштар байқауына жолдама алған І орын иегерлері С.Ағарбай автоүлгі, кедергіден өту (Д.Нұрпейісова мектебі), Н.Ғұбайдолла  кеме үлгілеу, Т.Есболов  схемалық планер, Б.Көпжасар  батпырауық ұшыру, А.Құттығалиев  радиобасқару (ұшақ) (Жаңақала мектеп-гимназиясы), Д.Жарасов  лақтырмалы планер, Н.Мұсалиев   ғылыми жұмысты қорғаудан (№3 мектеп) бақтарын сынайды.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.