29.05.2018, 11:23
Қараулар: 91
Мерейлі жасына орай қабылдады

Мерейлі жасына орай қабылдады

Мамыр айының 15 күні аудан әкімі Н.Қарағойшин өңіріміздің ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан білікті маман, тәжірибелі қызметкер, бүгінгі таңда өз еңбегінің зейнетін көріп отырған Темірғалиев Жұмағали Сүндетұлын мерейлі 70 жасқа толуына орай арнайы қабылдап,  аудан әкімінің атынан құттықтау хат табыс етті. Аудан басшысы Ж.Сүндетұлының өмір жолына шолу жасап, ел үшін атқарған зор еңбегі үшін аудан тұрғындарының атынан алғысын білдіріп, зейнеткердің иығына шапан жапты. Одан әрі туған күн иесімен қызметтес болған аға-інілері сөз алып, бірге қызмет жасаған жылдардағы қиын да, қызықты кездері туралы сыр шертіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Жұмағали Темірғалиев аудан қайта құрылған жылдарда қарапайым зоотехник қызметінен бастап, өзінің қажырлы еңбегінің арқасында совхоз директоры қызметіне дейін көтерілген. Еңбек жолының соңғы жылдары ауданда  эколог болып қызмет атқарып, осы  қызметтен зейнетке шықты. Қазіргі таңда Ж.Сүндетұлы ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып  отырған бақытты әке, сүйікті ата.