30.05.2018, 11:56
Қараулар: 531
Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ауданның өнері мен мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мәдениет саласы қызметкерлерін қабылдады.

Жиынды аудан әкімі Н.Қадырбайұлы құттықтау сөзімен ашты.

– Сіздер елдігіміздің басты нышаны – өнерім­із бен мәдениетімізд­і, ғасырлар бойы ата­дан балаға мұра болғ­ан асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жетк­ізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Осы бір айтулы мер­еке күні мәдениет пен өнер саласының бар­ша өкілдеріне, әсіре­се, халқымызға еңбегі сіңген аға ұрпаққа айтар алғысымыз шек­сіз. Олардың қол жет­кізген нәтижелерін біз мақтаныш етеміз. Сіздерді, барша мәде­ниет және өнер қызмет­керлерін шын ниетпен құттықтай отырып, ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өне­ріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық та­быстарыңызбен қуанта беруіңізге тілектес­пін,- деп атап өтті аудан әкімі.

Ауданымыздың мәдениет саласының дамуына көп жылдар бойы үлес қосып жүрг­ен мәдениет және өнер, кітапхана саласының қызметкерлеріне облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы Игорь Стексовтың, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының, аудан әкімінің атынан алғысхатт­ар табысталды.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар