6.06.2018, 11:22
Қараулар: 190
Студенттер далалық оқу-жаттығу даярлығынан өтті

Студенттер далалық оқу-жаттығу даярлығынан өтті

  Мамыр айынның 28-і мен маусым айының 1-і күндері аралығында «Соркөл» көлінің жағасында Жаңақала колледжі студенттерінің  далалық әскери оқу-жаттығу жиынын өтті.  Аудандық қорғаныс, төтенше жағдайлар және №14 өрт сөндіру бөлімдерінің қатысуымен өткен жиында 3 курс студенттері колледж қабырғасындағы алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған теориялық білімдерін практикада қолданды. 28 мамыр күні оқу —  жаттығу жиынынның салтанатты ашылуы өткен болса, 29 және 30 мамыр күндері студенттер пневматикалық винтовкадан ату, қол гранатасын дәлдікке лақтыру, саптық  шерумен жүру  сынды әскери жаттығулар жүргізіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Келесі күні, яғни 31 мамыр күні әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Қаратаев бастаған студенттер «Соркөл» көліне жай жүгіріспен жүгіріп жолға шықты. Көл жағасында құрылған шатырлы қалашық барынша әскери полигонға ұқсатылып  жасақталған. Шатырлы қалашықтағы алғашқы күнде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері  студенттерге суға тусу  және  өрт қаупсіздігі ережелерін айтып, дәріс оқыса, № 14 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері өрт сөндіру кезіндегі жаттығу шараларын және  құрал-жабдықтары мен жауынгерлік киімдерін практикалық тұрғыда көрсетті. Одан әрі аудандық қорғаныс бөлімінің офицері Қ.Ахметқалиев әскери өмірдің қыр-сырымен бөлісіп, сарбаздардың құрал-жабдықтарымен таныстырды. Жиынға келген келген әскери қызметкерлер оқуларын аяқтағалы отырған студенттерге өз салалары бойынша жоғарғы оқу орындарынның артықшылықтарын насихаттап, жас түлектерді оқуға шақырды. Бұл күні студенттер әскери қызметкерлердің дәрістерімен қатар, пневматикалық мылтық ату, граната лақтыру сынды сайыстардан сынға түсіп, өз білімдерін шыңдай түсті. Әскери сайыстар бітсімен   студенттер кешкі ас ішіп,  алау жағып, әскери-патриоттық әндер айтып, әскери өмірдің қиындығы мен қызығын сезінді. Оқу-жаттығу жиынының соңғы күні  кросс, қашықтыққа жүгіру, гір тасын көтеру секілді спорттық  ойындардан және  АК-74 автоматын бөлешктеу және жинаудан  жарыстар оздырылды. Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін арттырып, алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырған жиынның жабылу салтанатында аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы, капитан Ербол Жұмағазиев әскери және спорттық сайыстардан жеңімпаз атанған студенттерді аранайы дипломдармен марапаттап, «жас сарбаздар жадынамасы» атты кітапшаларды сыйға тартты. Сонымен қатар жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеп, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қатарына білімді де, білікті сарбаздар дайындауда қосқан  зор еңбектері үшін Жаңақала колледжі ұжымына алғысхат табыс етті.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.