8.06.2018, 11:46
Қараулар: 91
Балалар мерекесі ерекше тойланды

Балалар мерекесі ерекше тойланды

 

1 маусым – Халықаралық балалар қорғау күніне орай орталық «Достық» алаңында Қ.Жантілеуов саз мектебінің ұйымдастыруымен мерекелік шара оздырылды. Атаулы мереке Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің шеруімен басталған болатын. Әрмен қарай Жаңақала мектеп-гимназиясы, №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектеп, аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы, Жаңақала аудандық жас туристер станциясы мекемесі легімен шеру жалғасты.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин орталық алаңға жиналған жаңақалалықтарды  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғаудың күнімен құттықтап, өзінің игі тілегін жеткізді. «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерттік бағдарламада аудандық білім бөліміне қарасты балабақша бүлдіршіндерінің, орта мектептер мен саз мектебі оқушыларының дайындаған ән, би өнерлерін тамашалады.

Сонымен қатар, алаңда аудандық білім беру бөлімі мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен асық ату, гір тасын көтеру, арқан тартыс ойындары, байқауы, аквагрим, тас жолда сурет салу, «Астанам – бас қалам» атты балалар арасындағы сурет байқауы өткізілді. Алаңның бір жағында балаларға арнап түрлі ойыншықтар мен тәттілерден сауда-саттық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Осындай бағытта балаларға тамаша көңіл күй сыйлайтын шаралар биыл да тартымды ұйымдастырылды.