25.06.2018, 16:40
Қараулар: 373
Ақтөбеден жеңіспен оралды

Ақтөбеден жеңіспен оралды

10-18 маусым күндері  Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 14 облыс және Астана, Алматы қалаларынан 333 спортшы қатысты.

Байрақты  бәсекеде Жаңақа-ла ауданының спортшылары Батыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғап, жүлделі оралды.

Атап айтар болсақ, классика түрінен 11 жас ұлдар арасында Нұрберген Түсіпқали I орынды, 9 жас қыздар арасынан Аида Баймұхан II орынды еншіледі. Ал,  рапид түрінен 11 жас қыздар арасынан Інжу Қайыржанова  II орынды, 9 жас қыздар арасынан Айназ Сақтаған III орынды иеленді.

Сондай-ақ, блиц түрінен 11 жас қыздар арасынан Інжу Қайыржанова  мен 9 жас ұлдардан Бейбарыс Жолдасқали  III орынға лайықты деп танылды.

Бұл жарыста БҚО командасы жүлделі III орынға ие болды.

Сонымен қатар, осы жарыстан орын алған Аида Баймұхан мен Бейбарыс Жолдасқали «ҚР спорт шеберлігіне кандидат» деген нормативті орындады.