26.06.2018, 11:04
Қараулар: 374
Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

23 маусым күні еліміздің барлық аймақтарында мемлекеттік қызметшілер күні кең көлемде тойланды. Атаулы мерекені Жаңақала ауданының да мемлекеттік қызметшілері өз дәрежесінде атап өтті. Мелекеттік қызметшілер төл мерекелерін тойлауды велошеру эстафетасымен бастады. Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай көпшілік велошеру эстафетасы 9 маусым күні Орал қаласынан басталып, бекітілген кестеге сәйкес Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Сырым, Ақжайық аудандарында өткізілген болатын. Кесте бойынша аталмыш шерудің эстафетасын Ақжайық ауданынан қабылдап алған жаңақалалықтар мемлекеттік қызметшілер мерекесі күні велосипедтеріне қонды. Ауыл іші көшелерінен бастау алған велошеру Соркөл көлінің жағасына дейін жалғасты. Одан әрі мемлекеттік қызметшілер аудандық турбазада шатырларын құрып, спорттық ойындар ойнап, төл мерекелерін таза ауда көтеріңкі көңіл күйде өткізді.