27.06.2018, 11:11
Қараулар: 555
Кәсіби мереке тойланды

Кәсіби мереке тойланды

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық әкімшіліктің үлкен мәжіліс залында салтанатты жиын оздырылды. Аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы тө-рағасының орынбасары, мекеме, дербес бөлім басшылары, қо-ғамдық ұйымдар қатысқан жиын-да құттықтау сөз аудан әкімі Н.Қадырбайұлына берілді.

-Мемлекеттік қызметшінің жұмы-сы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқандарыңызға шынайы ризашылығымды білдіремін,-деп мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тіледі.

Құттықтау сөз аяқталғаннан кейін кәсіби мерекеге орай мемлекеттік қызметшілерге бірқатар алғысхаттар табысталды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің алғысхаттары А.Еслямғалиева, Е.Ағаділов, Р.Башановаға табысталса, БҚО білім басқармасының  «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты эссе байқауына қатысқаны үшін Жаңақала ЖОББ мектебінің оқушысы Г.Бақтыгереева марапатталды.

Сонан соң, еңбек жолында атқарған қызметтері үшін мемлекеттік қызметшілерге аудан әкімі Н.Қадырбайұлының алғысхаттары табысталды.

Кәсіби мерекеге орай ауданымыздың мемлекеттік қызметшілерін аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Теміров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Р.Саматов құттықтады.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар